Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Есікті бұзғысы келді": Әнші Назима өзін белгісіз біреу аңдып жүргенін айтты

Қазақстандық танымал әнші Назима Жәнібекова өзін екі аптадан бері бейтаныс азамат аңдып жүргенін айтты. Өнер иесі белгісіз ер адамды полиция арқылы іздестіруде, деп xабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Есікті бұзғысы келді": Әнші Назима өзін белгісіз біреу аңдып жүргенін айтты

Назима Жәнібекова екі аптадан бері өзін белгісіз ер адам аңдып жүргенін байқаған. Бейтаныс азамат тіпті оның пәтеріне кірмек болған. Әнші оның көлігін көріп, нөмірін жазып алған. Қатты қорыққан әртіс бірден полицияға хабарласып, тәртіп сақшыларын шақырған.

"Кеше қорқынышты түн болды. Екі аптадан бері біреу есікті бұзғысы келіп, үндемей, жауап бермей, кетіп қалады. Мен қатты қорықтым. 15 мамырда оның көлігінің нөмірін жазып алдым. Таңғы 5-ке дейін аңдығаным көршінің көлігі болып шықты. Бірақ түнде келіп кеткенін мойындамайды. Қазір тексеріп жатыр", –  деп жазды Назима Instagram парақшасында.