Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Кйеуімнен таяқ жедім": Актриса Фатима Кулибали жеке өмірі жайлы айтты

"Аппақ келін" сериалында басты рөлді сомдап жұлдызы жанған актриса Фатима Кулибали ата-анасы жайлы алғаш рет ой қозғады, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Кйеуімнен таяқ жедім": Актриса Фатима Кулибали жеке өмірі жайлы айтты

Актриса әлі күнге дейін анасын кешіре алмайтынын айтты.

Себебі, Фатиманы тоғыз жасында анасы тастап кеткен. Содан бері актриса онымен араласпақ түгілі, көрмеген. Фатиманы осы күнге дейін жалғыз әкесі бағып-қаққан.

"Менің тәрбиеммен тек әкем ғана айналысты. Анам тоғыз жасымда үйден кетіп қалды. Анам бұл жақта тұрмайды. Ол бірнеше жылдан бері Иорданияда тұрады. Белгілі бір себептермен анаммен араласпаймын. Мен Алматыда туып өстім. Әкем бұл жаққа Батыс Африкадағы Мали мемлекетінен оқуға келіп әлі күнге дейін осында. Қайтамын деген ойы жоқ. Оған осы жақ қатты ұнайды. Ал анам жартылай орыс. Жартылай татар қызы. Талдықорған қаласыннан. Бала кезімнен әкем менің шоу-бизнеске жақын болғанымды қалады. Сондықтан ол кісі мені әрдайым қолдайды", — дейді Фатима Кулибали. 

Танымал актриса сұхбаттарының бірінде күйеуінен таяқ жеген соң ажырасып кеткенін айтты. Актрисаның сол некеден Эмине есімді қызы бар. Бүгінде оның жасы небәрі алтыда.

Salem Social Media түсірген "Аппақ келін" веб-сериалында Фатима афро-америкалық Лияның рөлін сомдайды. Веб-хикая қазақ отбасына келін болып түскен Лия жайлы. Ол Африканың Найроби қаласында туып-өскен. Шетелде білім алған қазақ жігіті Аңсаған африкалық қызға бір көргеннен ғашық болып қалады. Аңсаған көп ұзамай ғашығына үйленеді. Ал қарадомалақ Лияның болашақ енесі сол ауылдың "генерал келіні" деген атақ-абыройға ие. Оның үстіне генерал келін салт-дәстүрді берік ұстанады.