Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Бала сүймесе": Роза Рымбаеваның келіні жазба жариялап, сынға қалды

Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбайдың отбасына тілекші оқырмандары шілдехана тойын күтіп жүр. Отау құрғанына екі жылдан асса да әлі сәби сүймеген жұбайларға желідегі жұрт дәл осы тақырып төңірегінде жиі сұрақ қояды, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап.

"Бала сүймесе": Роза Рымбаеваның келіні жазба жариялап, сынға қалды

Күні кеше әлеуметтік желіге су жаңа суретін жүктеген Әли Оқаповтың келіншегі бірден сырт көздің сынына ілікті.

Бұл жолы шет елдегі естеліктерімен бөліскен Ақерке Бүркітбайдың жаңа жазбасы Instagram-дағы пікірталастың туындауына тағы да түрткі болған.

Жүрегім тыныш! Арманым анық,

 деді Халық әртісінің келіні.

Ақерке Бүркітбайдың бұл постын оқыған көпшілік оның жазбасын жақтырмаса керек, бірден жағымсыз пікірлерін жаудырған. Оқырмандары оны Роза Қуанышқызына немере сыйламағанын айтып, айыптауда.

"Әдемілік мәңгі емес, асыл жар, алтын ұрпақ ол мәңгілік", "Еңбегі сіңген Роза апайымыздың немерелерін көбейтіп, алдында жүрген сол бақыт", "Қандай жүрегі тыныш? Бала сүймесе, жары қасында болмаса, өмірдің қызығы мансап пен дүние ме?", "Иә, Роза Қуанышқызының немере көргісі келіп, күтіп жүрмін дегенін естіп едім", — деп жазды оқырмандары.

instagram.com

 

Айта кетейік, Әли Оқапов пен Ақерке Бүркітбай 2020 жылы шаңырақ көтерген еді. Бірақ жұлдызды жұп әлі күнге дейін жеке өмірлерін жұрттан жасырын ұстайды.