"Алла мүмкіндік берсе": Тәуекел Мүсілім ұлына қатысты жоспарларымен бөлісті

Актер әрі тележүргізуші Тәуекел Мүсілім желіде жаңа жазба жариялап, әке тәрбиесі тақырыбын көтерді. Өнер иесі өзі әкесін көп көре алмағандықтан, бүгінде барынша ұлының қасынан табылуға тырысып жүргенін алға тартты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Алла мүмкіндік берсе": Тәуекел Мүсілім ұлына қатысты жоспарларымен бөлісті

Тәуекел Мүсілім баласының жарқын болашағы үшін барын салатынын айтты. Актер әсерлі жазбасын Instagram парақшасында бөлісті.

"Балапаным болашағың жарқын болсын. Ол үшін қолымнан келгенін бәрін жасаймын. Алла мүмкіндік берсе, әрдайым қасыңда боламын. Өз әкеме көп нәрсе айта алмадым, қазір қасымда болғанда ғой. Жаныңыз жәнатта болсын", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесіне қолдау білдіріп, өз жылы лебізін білдіріп жатты. "Ұрпағың елдің баласы болсын, Тәке! Қызығын көр", "Ата-ананың қадірін балалы болғанда білерсің деп қазағым бекер айтпаса керек", "Өз әкеңіздей ер тұлғалы ер азамат болсын. Періште балапан тіл көзден аман болыңыздар", "Өте әсерлі жазыпсыз. Өзіңіз әкеңізден алған тәрбиені енді балаңызға жеткізудесіз", - деп жазуда көпшілік.