Прямая трансляция

Астана

Астана

14°C

"Тіл тигізу ойымда болған жоқ": Даня Милохин қазақтардан кешірім сұрады

Даня Милохин мен Аня Покров "қазақтардан" кешірім сұрап, Қазақстанға уақытша келгендерін айтты.

Бұл туралы Tik Tok жұлдызы өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Тіл тигізу ойымда болған жоқ": Даня Милохин қазақтардан кешірім сұрады

Қазақтар, мен сендердің жақсы көремін. Сендерге тіл тигізу ойымда да болған жоқ. Байқаусызда ренжітіп қойсам, кешірім сұраймын,

— делінген жазбада.

instagram.com/danya_milokhin/

Егер ренжіткен болсақ, кешірім сұраймыз. Біз бұлай болғанын қаламадық. Менің қазақ достарым көп, оның үстіне біз бұл жаққа уақытша қонаққа келдік,

— деді Аня Покров.

Аня Покров Қазақстанға әкесімен бірге келген көрінеді. Қазақстан пейзажының фонында әкесімен түскен суретті жүктеп, "Мен Қазақстанға ғашық болдым" деген жазба қалдырды.