"Дұғамда едің": Айнұр Тұрсынбаева ене атанды

Айтыскер ақын Айнұр Тұрсынбаеваның ұлы келін әкелді. Бұл туралы ақын өзінің Instagram-дағы парақшасында жазды, деп хабарлайды Paryz.kzЭкспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Дұғамда едің": Айнұр Тұрсынбаева ене атанды

Ақын ұлы мен келінінің қасында тұрған суретін жүктеген. Жақсы жаңалықты бөлісіп, өзінің қатты толқып отырғанын жазған.

Көзімнің ағы мен қарасы, ұлым Бегланым шаңырағымызға келін әкеп жатыр.Ұлымның кішкентай кезінде "қашан өседі?" деп, ержеткенін күтіп, асығатынмын. Келін түсіру деген алыстағы армандай көрінетін. Сөйтсем, уақыттан жүйрік ештеңе жоқ екен ғой,

— дейді Айнұр.

Келіннің басына ақ орамал салып, отқа май тамызғанын жазған ақын, "әжелеріміз айтпақшы, енді екі қолымды жылы суға салып отыратын сәтке де жеттім" дейді. Сондай-ақ жүрекжарды өлеңін арнаған.

Ғұмырымның жалғасы ұлым менің,

Әр сәт сайын дұғамда, жырымда едің.

Өз теңінді тапқаның қуандырып,

Еселеді бағымды бүгін менің.

Кеше ғана сәби ең, жүгірмегім,

Сен үшін сынақтарда үгілмедім.

Күні-түні тілеймін Жаратқаннан

Отауыңның бақытқа тігілгенін,

— деп өлең арнапты.

Жазбаның соңына ақынның өнердегі әріптестері мен оқырмандар құттықтап тілектерін жазған.