Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

"Кеудемде жаным барда...": Қайрат Нұртас анасына қатысты арманымен бөлісті

Әнші Қайрат Нұртас желіде анасына әсерлі жазба арнап, елді ойландырып қойды. Өнер иесі анасы қасында барынша ұзақ болса деген ниет білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Кеудемде жаным барда...": Қайрат Нұртас анасына қатысты арманымен бөлісті
Сурет: Stan.kz

Қайрат Нұртас жантебірентерлік жазбасын Instagram парақшасында бөлісті. Ол анасымен Түркияда түскен суретін жариялап, оған деген махаббатын жеткізді.

"Кеудемде жаным барда анама әлемді көрсетсем арманым жоқ. Жанымда ұзақтау жүрсе екен, Ин ша Алла", – деп жазды әнші.

Желі қолданушылары өнер иесінің сөзін қостап, оған қолдау білдірді. "Әлемдегі ең нәзік дүние - ана махаббаты", "Анаңыздың жасы жүзге жетсін", "Әумин, арманыңа жеткізсін Алла! Анаң үшін қолдан келсе әлемнің төрт бұрышын сыйласаң да артық емес!", "Әр баланың махаббаты сіздікіндей болса ғой анасына деген", "Сіздей ұлы бар ана бақытты", "Анаңызға ұзақ ғұмыр берсін", "Бала болсаң, осындай бол. Анасын сыйлаған адам Алланы сыйлаған адам", "Осындай баладан қалай айналмайсың ба?", - деп жазуда көпшілік.