Прямая трансляция

Астана

Астана

10°C

"Адамдар кешіріңдер": Мақпал Жүнісова нені меңзеді?

Әлеуметтік желіде тараған шулы видеодан кейін Мақпал Жүнісова көрінбей кетті. Бұған дейін желіге түрлі суреттерін салып, оқырманмен байланыста отыратын өнер жұлдызын көпшілік жоғалтып алған еді, деп хабарлайды Paryz.kz, Экспресс К-ға сілтеме жасап. 

"Адамдар кешіріңдер": Мақпал Жүнісова нені меңзеді?

Ұзақ үнсіздіктен соң әнші Instagram-дағы парақшасына видео салды.

Халық артисі парақшасына "Адамдар кешіріңдер" деген әнін жүктеген. Ұзақ үзілістен кейін әлеуметтік желіге шыққан әншіні жұртшылық қуана қабылдады.

Әннің астына оқырмандар Мақпалды қолдап, жүрек-жарды пікірлерін жазған. Бірі "Жаным апатайым", "Жан-дүниеңізді түсінбей жатсақ, кешіріңізші", "Алтын апатайым" десе, енді бірі түрлі смайликтермен өнер жұлдызын қолдайтынын білдірген.

Тағы оқыңыздар:"Мен сіздерді алдадым": Мақпал Жүнісова жалғыз қызын асырап алғанын айтты (ВИДЕО)