Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Көп сәттерді сезінбей қалыппын": Қарақат Әбілдина жүкті болған кездерін еске алды

Қарақат Әбілдина қазіргі сәтпен өмір сүру нағыз бақыт дейді. Әнші адамның көңіл көтеруі, бақытты сезінуі өзіне байланысты деген кеңес айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

"Көп сәттерді сезінбей қалыппын": Қарақат Әбілдина жүкті болған кездерін еске алды
Сурет: ашық дереккөз

“Ахау, керім, бұраң белім!
Күнде жиын, күнде той,
Жүрген жерің ай - деген ән нағыз маған арналған ән болды. Бұраң бел де болғанбыз бұрынырақта.

Ауызашардан басталған басқосулар әлі жалғасып жатыр. Халыққа аян, ән де, би де кетіп жатыр.

Бұрын деймін, шақырылған той-домалақтарға өзімнің жағдайыма байланысты жүктілік, емізулі кезеңде жүріп көбіне бара алмай қалатынмын. Той иесін құттықтап бір көрінгенім болмаса отыру қайда. Ойлап отырсам көп сәттерді сезінбей қалыппын-ау”, – дейді әнші. 

Қарақат ханымның айтуынша, адам бақытты қолдан жасап, өз көңілін көтеру керек. Ол үшін бәрін кейінге қалдырмай, дәл қазіргі сәтті пайдалану маңызды. Себебі, уақытты ұстап тұру мүмкін емес.

“Ендігі бала өсті, ұлдардың алды ержетті дегендей. Нағыз біздің уақыт, замандастарым. Өмірді кейінге қалдырып керек емес, ұққаным. Киетін киімді қазір киіп, баратын жерге қазір барып, бүгінгі қалауыңызды бүгін іске асырып, қазіргі сәтпен өмір сүретін екен.

Бүгін кимей сақтағаның бірер жылда дәл қазіргідей жараспайды. “Бала өссін” деп бармаған ортаң кейін дәл солай жиналмайды. Бүгін жақпаған опа-далап, иіссуің кейін қанша шатпақтасаң да сіңбейді. Өмір күтпейді, тоқтамайды ! Жылжыған жылдар да өз үлесін алады бізден.

Әр күнді әдеттегіден сәл өзгеше, сәл қызығырақ, бақыттырақ жасайық! Өмірге бояу енгізу, жарқын түстер қосу әркімнің өз қолында”, – деп жазды Әбілдина.

“Дұрыс айттыңыз! Әр нәрсені өз уақытында пайдаланып қалмасақ, ол уақыт қайтып оралмайды! Мысалы, аттракциондарға барып ойнау, лагерьлерге бару, оқу оқып студент атану, тұрмысқа шығу, бала табу… Оның ешқайсысы қайтып оралмайды”, “Бар жақсылық құтты болсын. Дұрыс айтасыз . Күліңіз, жан жолдасыңызды қолтықтап алып жүріңіз. Нағыз жүріп-тұратын жастасыз. Әр нәрсе өз уақытымен. Сізге бәрі жарасады”, “Өте дұрыс айттыңыз. Бәрін керемет жазыпсыз”, “Керемет айтылған сөздер, өмір күтпейді, көзді ашып жұмғанша өте шығады”, – деп жазды желідегілер.