Прямая трансляция

Астана

Астана

11°C

"Ең дұрыс шешім": Жұлдыз Әбдікәрімова көпті ойландырып қойды

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысына қалды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Ең дұрыс шешім": Жұлдыз Әбдікәрімова көпті ойландырып қойды
Сурет: ашық дереккөз

Өнер иесі өлең жолдарымен белгісіз біреуді кешіргенін және ішіндегі бір адамды босатқанын жеткізді. Әбдікәрімова аталмыш бейнежазбасын Instagram парақшасында бөлісті.

"Босаттым ішімдегі бір адамды, Кешірдім кінәларды, күнәларды, Сөйтті де өмір мұңнан бір тазарды, Сөйтті де көңіл кірден бір ағарды. Болса екен ұзағынан осы күндер, Бәлкім, ел қателік-ау шешімің дер... Ей, адамдар, бақытты болғың келсе, Бақытсыз қылған жанды кешіріңдер", - деген өлең жолдарын оқыды актриса.

Желі қолданушылары бірден оның жазбасына түрлі пікір білдіре бастады. Олар өнер иесінің кімді меңзегеніне қатысты өз болжамдарын айтты.

"Өзіңіз туралы айтып тұрған сияқтысыз", "Қайратты кешіресіз ба сонда?", "Жолдасыңыздан кетпеңіз. Сондай жарасымды жұпсыздар", "Бақытты болыңыз! Мен сізге ризамын! Балдарыңыздың қызықшылығын көріп жүре беріңіз", "Өте мағыналы сөздер", "Кімге арналған екен бұл өлең жолдары", "Өз жағдайыңыздан сыр шертіп тұрғандайсыз", "Ең дұрыс шешім"- деп жазуда көпшілік.