Елдің қызу талқысына түскен суретті Қайрат Instagram-дағы парақшасында жариялады. Онда Қайрат бет-жүзі көрінбейтін арумен бірге түскен.
"Сақтауға шамам болмай Өзіңді қауіп-қатерден Бұйрық солай Айырылдық! Бақытты сәттерден", - деп жазды әнші.
Желі қолданушыларының бір тобы Қайрат пен Жұлдыздың ажырасқанын болжаса, ендігі топ әнші мұндай қадамға елді шулатып, "хайп" жасау үшін барды деп топшылады. Тағы бір пікір, Қайрат Нұртас жаңа әнін осылай жарнамалақ болды.