16.04.2022, 14:05

"Әкем себепкер": Мөлдір Әуелбекова неге орамал тағатынын айтты

Мөлдір Әуелбекова орамал тағуға не себеп болды деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz.

Отандық танымал әнші Мөлдір Әуелбекова өзінің Instagram парақшасындағы "Stories" бөлімінде "сырласайық" деп жазып, оқырмандарының сұрақтарына жауап берді. 

Желі қолданушыларының бірі:

"Орамал тағуға не себеп болды? Айтып жіберсеңіз енді тағам дегендерге көмек болсыншы", - деді.

"Намазға келуіме (6 жыл бұрын) себепкер Әкем! Үй ішімен намздамыз. Ата-анам қажылар.Сол кезден орамал киюге ниетті болып жүріп, 5 жыл өткен соң Алланың қалауымен орамалға да келдім", - деп жазды әнші.