Прямая трансляция

Астана

Астана

19°C

«Аллах бізге нәсіп етсін»: Айнұр Тұрсынбаева сіңлісіне көлік сыйлады

Айнұр Тұрсынбаева сіңлісіне көлік сыйлады. Айтыскер тосыннан сый жасап, жақынының көңілін қуантты. Бұл сәтті жақындарымен бірге атап өтті, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.

«Аллах бізге нәсіп етсін»: Айнұр Тұрсынбаева сіңлісіне көлік сыйлады
Сурет: ашық дереккөз

Айнұр Тұрсынбаева отбасындағы көптің көзіне түсе бермейтін сіңлісін көрсетті. Оған тосынсый жасап, көлік сыйлады. Сіңлісі көз жасына еріп беріп, алғысын айтып жатыр. 

“Туған сіңлімді аямай жылаттық. Видеоның соңында жылататын тосынсый бар. Біз үйде 3 қыз, 1 ұлмыз. Жұлдыз ауруымен ауырмайтын сіңілімді көп ешкім біле бермейді. Өйткені оның өзі де, мінезі де сондай қарапайым, қанағатшыл. Жұрттың көзіне жұмыс жасағанды жаны сүймейді. Сонысына қарай аузын ашса, жүрегі көрінетін жомарт өзі. Ханшайымның 80% ойыншығын сол кісі әкелген. Алика жақында ғана ескі көлігін сатып, “жаңа көлік аламын” деп жүргенде, доллар аспандап кетті. Ардақ көлік алғанда оның көңілі түсіп қаламасын деп үшеуміз оған тосынсый дайындап қойдық. Ардақтын көлігіне құтты болсын айтып келген жанашырлармен бірге сіңілім де келді. Ардақтың көлігін табыстап жабуын сыпырып, лентасын қиған соң, салонның жанында Аликаға арналған осы көлікті табыстау рәсімі болды. 100 миллиондық кадиллак жайына қалды”, – дейді айтыскер. 

Сіңлісі тосыннан қуанышқа кенеліп, көлікті болды. Бәріне алғысын айтып, көз жасына ерік берді. 

“Оңайлықпен жылай қоймайтын сіңілім қуаныштан көз жасына ерік берді. Осындай сыйлық жасауды бұйыртқан Аллаға сансыз шүкір! Одан кейін тәрбиенің тұнығын берген ата-анамызға мың алғыс! Сондай-ақ менің нағыз арқасүйер асылдарым сіңілім Ардақ пен інім Дарханға құрметім шексіз!Сіздер де “Бауырым қара жаяу жүрмесін!” деп шыр-пыр болатын деңгейге жетіңіздер!”, - деп жазба жариялады.

Желі қолданушылары құтты болсын десіп жатыр.

“Маа Шаа Алла. Керемет. Әрекетке берекет деген осы ғой”, – деп жазды Алтынай Жорабаева.

“Жақсы жолдарда алып жүрсін! Расында осы сіңліңіз аса салмақты қыз”, – деп жазды Әлия Құдайбергенова. 

“Мен де бауырларымның, ата-анамның қуанышына куә болғым келеді. Аллах нәсіп етсін”, “Құтты болсын. Жұғысты болсын бізге де”, “Бауыр жандар бір-бірлерін осылай қуантады, Алла қуат берсін”, –деді көпшілік.