Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Бекер жүрген жоқпын» - Динара Қырықбаева неге өнерден алыстап кетті

Динара Қырықбаева 10 жыл бойы өнерден алыстап кетті. Репертуарындағы әндердің өзі ескі әндер екенін мойындайды. Алдағы уақытта жаңа әндер жазып, тыңдарманын қуантпақ, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Бекер жүрген жоқпын» - Динара Қырықбаева неге өнерден алыстап кетті

 

“Мен бар уақытымды отбасыма арнадым. Бекер жүрген жоқпын. Үш бала тәрбиелеп отырмын. Жеке кәсіптерім бар. Аллаға шүкір. Мен өзімді әншімін деп есептемеймін. Әншілікті хобби секілді алып жүргенмін. Сондықтан өнерден кеттім. Блогерлікті қолға алдым. Бірақ жақында жаңа әндер жаздырсам ба деген жоспар бар”, –дейді әнші. 

Динара желі арқылы жақсы табыс тауып отырғанын мойындайды. Алайда оның көлемін көпшілікке хабарлаудан бас тартты.

“Қазір желіні қолға алғаннын бәрі жақсы ақша тауып жатыр деп ойлаймын. Себебі, жарнамадан ақша түседі. Оны бәрі біледі. Менің арнайы кестем бар. Бұған жұмыс деп қараймын. Арнайы уақыт бөлемін. Бұрын қайда жүргенімнің бәрін көрсетім отыратынмын. Қазір уақытты жасырып қоямын”, – дейді ол.

Әнші тікелей эфир арқылы түрлі қызықты жайттар болғанын жасырмайды. 

“Бір күні таңертең жүгіріп келе жатсам, бір жігіт соңымнан қалмайды. Динара деп айқайлап, соңымнан ерді. Менімен таныспақ. Мені желі арқылы бақылап отырады екен. Солай қайда жүргенімді біліп алыпты. Кейіннен желіге бәрін көрсете бермейтін болдым. Қорқып қалдым”, – дейді ол.