Димаш Құдайберген докторантураға түсті

Әлемге әйгілі қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Қазақ ұлттық өнер университетінің докторантурасына оқуға түсті. Бүл туралы университеттің инстраграмдағы парақшасында жазды.

Димаш Құдайберген докторантураға түсті
сурет caravan.kz сайтынан

Белгілі болғандай әнші музыкатану ғылымдарының кандидаты дәрежесін алмақшы.

«2020-2021 оқу жылына «Қазақ ұлттық өнер университетіне» докторантураға қабылданған талапкерлер тізімі белгілі болды. Олардың қатарында: «Музыкатану» мамандығы бойынша Құдайберген Дінмұхаммед Қанатұлы, «Аспапта орындаушылық» мамандығы бойынша Даутбаева Айгерим Файзуловна және «Музыка педагогтарын даярлау» мамандығы бойынша Жумашева Айгерим Ерболатовна. Қабылданған түлектерді құттықтай отырып, алдағы ғылыми дәрежелерін абыроймен қорғап шығуларына тілектеспіз!», – делінген жазбада.