Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Ескертусіз қоңырау шалмаңыз» - Аружан Жазылбекова оқырмандарын әдепке шақырды

Актриса Аружан Жазылбекова әйелдердің өзін-өзі бағалауы туралы мәселе көтерді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Ескертусіз қоңырау шалмаңыз» - Аружан Жазылбекова оқырмандарын әдепке шақырды
Сурет: ашық дереккөз

"Қызыңыз кімге тұмысқа шығады деп уайымдамауы үшін оны кәсіби маман етіп дайындаңыз. Оқытыңыз. Үйретіңіз. Тұрмысқа шығу үшін емес, өзі үшін үйретіңіз. Өзін жақсы көруді, өзіне сенімді болуды үйетіңіз”, – дейді актриса.

Желі қолданушылары актриса Жазылбекованың сөзін қостады. 

"Қыздарыма үнемі айтамын: “Ең бастысы - тәуелсіз бол! Өзің ақша тап, біреуге бағынышты болма деймін", "Біз де осыған ұмтылып жатырмыз, менің үш қызым бар", "Артық ешнәрсе алып қоса алмаймын", "Дұрыс, тәуелсіз қыз күйеуінің аузына қарамайды", "Мен де соған ұмтыламын", “Расында да егер мықты қыз болса, қандай жағдайда да сынып кетпейді”, деп жазды әлеуметтік желі қолданушылары.

Жазылбекова адамдардың қарым-қатынасы жөніндегі қарапайым ережені атап өтті. 

“Сандық этикет бізге не үшін қажет? Сандық этикет гаджетті алған сәттен басталады. Ол адамдармен қарым-қатынас қорқынышты түс секілді болмау керек. Пандемиямен, қашықтықтан жұмыс істеу, телефон арқылы сөйлесу барысында қарапайым ережелерді ескермейміз.

1. Біз ескертусіз қоңырау шаламыз

Бұл адамды танымасаңыз, бұлай етпеңіз. Хабарлама жазыңыз, істің мән-жайын айтыңыз және қоңырау шалуға ыңғайлы уақытты сұраңыз. Тіпті жақын достарым хабарласпас бұрын менен сұрайды.
2. Бір хабарламаға бір сөз ғана жазатындар бар. Адамдардың неге бұлай істейтінін түсінбеймін.

3. Телефон нөмірлері, карталар, парольдер бар скриншоттарды жібереміз. 

4. Чаттарға дауыстық хабарлама жібереміз. Ұзақ тыныстап, үзіліс жасап, тамақ ішіп отырып сөйлесе береміз. 

Бұл жыл сайын өзгеріп, толықтырылып отыратын ережелердің аз ғана бөлігі”, – деп жазды Аружан.