Халықаралық әйелдер мерекесі күніне орай тыңдарманы әнші Роза Әлқожаға қымбат сый жасады. Белгісіз азамат концерт үстінде әншіге пәтер сыйлады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Болған оқиғаны концертке қатысқан белгілі журналист Әлия Құдайбергенова айтып берді.
"Розаға залдан бір көрермен жігіт жүгіріп шықты да: "Сізді анам жақсы көреді. Алматыдан мына пәтердің кілті сізге, шын жүректен" дегенде, Розканы білмедім, біз шок болдық", - деп баяндады ол.
Ән кеші 8 наурыз күні Алматыдағы Республика сарайында өткен.