Прямая трансляция

Астана

Астана

6°C

«Сызданып отырмаймын»: Ақбота Сейітмағамбет өз мінезі туралы айтты

Отандық танымал әнші Ақбота Сейітмағамбет желіде өз мінезі туралы айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

«Сызданып отырмаймын»: Ақбота Сейітмағамбет өз мінезі туралы айтты
Сурет: Sn.kz

Өнер иесі сырт көзге нәзік болып көрінгенімен, өзін ренжіткен жандарды орнына қоя алатынын жеткізді. Ақбота Сейітмағамбет Instagram парақшасында оқырмандарын қызықтырған сұрақтарға жауап беріп, өзі жайлы көпшілік біле бермейтін жайттар туралы айтты. Актриса жанкүйерлеріне мінезі шын мәнінде қандай екенін ашып айтты.

"Менің мінезім негізінде қатал. Көбінде ашық-жарқын күліп жүремін. Айналама барынша көңілді, позитивті жақтарымды көрсетуге тырысамын. Себебі, халықтың алдында маңғазданып, сызданып отырғанды жөн санамаймын. Ашық жарқындықты басқаша қабылдап, осалдық санайтындар да жоқ емес. Керек кезде кей санасыздардың, жолыма көлденең келгендердің мысын басып, өткір мінезіммен орнына қоятын тік мінезім бар", - деп жазды ол.

Айта кетейік, бұған дейін Ақбота Сейітмағамбет тұрмысқа шығуға қатысты өз пікірін айтып, бойжеткендерге келелі кеңесін берген болатын. Әнші ару қандай ер адамдарды таңдау керек екенін айтқан.