Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

"Бала келінім": Жүгінісовтердің үшіншісі шаңырақ көтерді

Желіде ағайынды Жүгінісовтердің үшіншісі Мұхамедәлі Жүгінісовтің үйлену тойынан видеолар тарады. Тойдың ерекшелігі той қонақтарының бәріне қазақша киініп келу талабы болған, деп хабарлайды Paryz.kz.

"Бала келінім": Жүгінісовтердің үшіншісі шаңырақ көтерді
Сурет әлеуметтік желіден

Айта кетейік, Мұхамедәлі Жүгінісовтің белгісіз бойжеткенмен түскен фотолары Tik-tok желісінде өткен жылдың қыркүйек айында жарияланған. Суретте қыздың қазақи нақышта киініп алғанын және жастардың қол ұстасып тұрғандарын көруге болатын еді. Бірақ, тойдың қамын карантин аяқталғаннан кейін ойластырған болу керек. 

Тойда отандық эстрада жұлдыздары болды.

Мұхамедәлінің үйленгені жайлы ақпарат желі қолданушыларын аса қатты таңғалдырды. Олар өнер иесінің әлі де жасы кішкентай деп ойлап келген. 

"Өте дурыс жасайды ,үйленсин зато армияға бармайды", "Әлі балапан ғой", "Өте жас қой бала", - деп жазды желі қолданушылары. 

Мұхамедәлінің үлкен ағасы Мирас әлі үйленбеген. Ол өзінің парақщасындағы "стористерде": "Рұқсатымды бердім, қатты үйленгісі келді", - деп айтты.

Ағайынды Жүгінісовтердің анасы Айнұр Жүгінісова өзінің парақшасында былай деп жазды:

Балалықпен қоштасып,шаңырағымызға жылуы мен нұрын шашып келген, бала келінім. Келген қадамыңа нұр бітсін! Той қазақтың қазынасы! Әр отбасыға той мен қуаныш көруді жазсын. Жұғысты болсын.