Отандық танымал әнші Серік Ибрагимов концерті кезінде ыңғайсыз жағдайға қалды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Өнер иесі сахнада ән айтып келе жатып, құлап кеткен. Серік Ибрагимов халықтың алдында орын алған келеңсіз жағдайдың видеосын Instagram парақшасында өзі бөліскен. Бейнежазбадан әртістің сахнада ән салып келе жатып, құлап кеткенін көруге болады. Алайда, аталмыш жайттың қашан және қайда орын алғаны белгісіз. Өнер иесі бұл ақпаратты нақтылаған жоқ. Желі қолданушылары ыңғайсыз жағдайға қалған әншіге қатысты түрлі пікір білдірді. Бірі әншінің құлағанын күлкіге айналдырса, енді бірі оған аяушылық танытқан. Кейбір оқырмандар әртіс құлағанда күлкіге басқан халыққа шүйліккен.
"Неге адамдар күліп жатыр? Адамдарға осындай болса болды да күлетін нәрсе”, “Ондай ханның қызында да болады. Ештеңе етпейді”, “Күлгенше, біреуі тұрып тұрғызып жіберсе болады ғой. Сүрінгенге күлетін адамдар-ай”, “Күлмеймін сенің сүрінгеніңе, күлетін мен емес”, “Ештеңе етпейді, шын ниетпен беріліп айтып тұрғаны көрінді”, “Еш жеріңіз ауырмады ма?”, - деп жазды олар.