Прямая трансляция

Астана

Астана

-12.03°C

«Айырбастамаймыз»: Қарақат Әбілдина шетелге көшу туралы айтты

Қарақат Әбілдина отбасымен Түркияда тұрып жатқаны рас па? Көпшілікті мазалаған сауалға әншінің өзі жауап берді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Айырбастамаймыз»: Қарақат Әбілдина шетелге көшу туралы айтты
Сурет: ашық дереккөз

Айтуынша, Түркиядан оралғанына бір жылдан асқан. Соған қарамастан, әлі күнге дейін "Жат жерде жүрсіздер ме?" деп сұрайтындар көп екен. 

"Біріншіден, келіп қойғанымызға жылдан асты. Екіншіден, біз Неге Түркияда тұруымыз керек?! Үшіншіден, адам болған соң бару керек, көру керек. Әдемі жер, әдемі табиғатта бір маусым қыстағымыз келді. Болдық, қайттық.

Біз – мен де, Қыдекең де осы топырақта өскен, осы жердің суын ішіп, ауасын жұтып өскен ұл-қыздарымыз. Осында өсіп-өндік. Біз оны айырбастамадық. Айырбастамаймыз да. Бұл сұрақтың өзі тым ерсі біз үшін. 

Жаңа босанған денсаулығыма, жақынымнан айрылып жабырқаған жаныма, бұғанасы қатпаған балапаныма, Астананың қара суығында үйге сыймай кететін балаларымызға, карантин деп үйге тығылған уақытта ол сапар бізге пайдалы болды. Уақытша ғана тұрып келдік", – деп түсіндірді әнші.

Қарақат отаны Қазақстан екенін айтып, сұрақтың орынсыз екенін мәлімдеді. 

"Әлемнің әдемі, ғаламның ғажайып жерлерін көруге, білуге біз ашықпыз. Отбасымызбен. Ал тұрақты жеріміз – осы. Өз еліміз. Басқа мекен болуы мүмкін емес", –  дейді Әбілдина.