Аружан Жазылбекова жақынын еске алып, елді жылатты. Актриса өзінің әкесіз өскенін, алайда екі анасы болғанын айтты. Жақында екінші анасы деп құрмет тұтқан адамы өмірден озған, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
“Мен әкесіз өстім, сондықтан "әке-шешем" дегенде анам мен Қамаш апамды еске аламын. Бұл менің екінші анамсыз өткен бірінші туған күнім, оның менсіз өткен бірінші туған күні.
Жақындарынан айырылған таныстар, достар туралы жиі ойлаймын. Мен олардың бұндай қиындықтан қалай өткенін түсінбеймін. Барлығының жауабы бірдей. "Жүрегіңдегі уайым кетпейді. Сен тек онсыз қалай өмір сүру керек екенін үйренесің” дейді”, – деп жазды Жазылбекова.
Айтуынша, анасы Қамаш Сәуленқызы математика пәнінің мұғалімі болған. 63 жасқа қараған шағында өмірден озды.
“Бүгін сіз 63 жасқа толар едіңіз. Мен сізді қатты жақсы көремін және сіз туралы үнемі ойлаймын. Сондықтан сіз әрқашан менің жанымдасыз. Сіз бәрін көріп тұрсыз. Анашым екеуміз сізді қалай сағынғанымызды білсеңіз. Әлемнің түкпір-түкпірінен қанша адам сізді жақсы көретінін, құрметтейтінін және еске алатынын қараңызшы. Өйткені, елімізде математика пәнінің мұғалімі болу ерлік болса, Қамаш Сәуленқызы, сіз үшін қуаныш болды.
Өмір бізді үнемі қабылдауға үйретеді. Бұрын қабылдауға тырысқанымның бәрі соншалықты мәнсіз болды. "Иә, Алла разылығы үшін солай болсын" дегім келеді. Мен енді ғана шынайы қабылдауды үйреніп жатырмын.
Жақындарыңызға жақсы көретініңізді айтудан ешқашан аянбаңыз. Ол үшін себеп қажет емес”, – деп жазды актриса.
“Жаны жәннәттің төрінде шалқысын! Аллам шапағатына алсын”, “Иманы жолдас болсын. Жақсы адам еді”, “Иманды болсын. Өкінішке қарай бұл өмірден жақсы адамдар ерте кеткен. Сабырлы болыңыз”, “Иманды болсын, жаны жаннатта болсын”, – деп жазды желідегілер.