Бомждар молотова коктелін даярлау үшін бөтелке теріп жәрдем беруде. Киев билігі соғысамын деген қарапайым тұрғындарға он мың автомат таратып үлгерді. Бұл деген не? Биліктің өз халқына деген сенімі. Бір-біріне сенген билік пен халық жауды жеңбей қоймайды. Владимир Зеленсикий интернационалды легион жасақталатынын мәлімдеді. Бұл өзге елде Ресей басқыншыларына қарсы соғысады деген сөз. Д. Дудаевтың жолын ұстанған шешендер о баста дайын отырған. Грузиндер де көмекке баратыны сөзсіз. Балтық елдері мен польшалықтар да ата жауларымен қуана-қуана соғысады. Қалай ойлайсыздар қазақтар Ресейге қарсы соғысуға бара ма? Ел ерсіз болмайды деуші еді.
Журналист Қанат Тілеуханның жазбасының астына әнші Нұрлан Албан: «Егер бізге рұқсат берсе, мен барам! Ресейге қарсы соғысқа!» деген пікір қалдырды.