«Аллаға тапсырдым»: Роза Әлқожа Украинадағы жағдайға қатысты жазба жариялады

Қазақстандық әнші Роза Әлқожа желіде Украинадағы жағдайға қатысты жазба жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

«Аллаға тапсырдым»: Роза Әлқожа Украинадағы жағдайға қатысты жазба жариялады
Сурет: ашық дереккөз

Өнер иесі украин халқының басына түскен жағдайға алаңдап, өзі де ауырып қалғанын айтты. Роза Әлқожа Украина үшін алаңдаулы екенін Instagram парақшасы арқылы жеткізді. Ол бүкіл әлем бақылап отырған шиеленістің тез арада дұрыс шешімін тауып, бейбітшілік орнауын тіледі.

"Жүрегіндегі құдайын жоғалтып алғандар ақыреттегі азабына дейін адамға азап көрсетуден тартынбас! Біреуге болсын демеген оңбас, дегені болмас. Украинаға алаңдаулы халдеміз. Бейбітшілік болсын әлемде! Айналаға аңқылдап жүріп ауырып қалдым. Үш күн дегенде үйіме әрең жеттім ғой! Алда концерт. Аллаға тапсырдым", - деп жазды әнші.

Айта кетейік, бұған дейін Димаш Құдайберген де Ресей мен Украина қақтығысына қатысты пікір білдіріп, қантөгісті тоқтатуға шақырды.