Қайрат Нұртастың інісі қалыңдығымен түскен ерекше видеосын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Отандық жас әнші Заңғар Нұртас желіде сүйіктісімен Мальдив аралдарында түскен видеосын бөлісті. Оқырмандар қос ғашыққа баянды махаббат тілеуде.
Қайрат Нұртастың інісі аталмыш бейнежазбаны Instagram парақшасында жариялаған. Онда қос ғашықтың мұхит жағалауында серуендеп жүргендерін көруге болады. Желі қолданушылары оларға тәнті болып, өзінің жылы лебіздерін қарша жаудырды. Көпшілік жастардың аса жарасымды жұп екенін айтып, оларға отбасылық өмірде бақыт тіледі.
"Қандай керемет көрініс", "Ғашығыңмен Мальдив аралдарына бару арман ғой", "Бақытты болыңдар", "Екеуің сондай жарасымды жұпсыңдар", "Заңғар, қызың сұлу екен", "Той алдындағы бал айы болып жатыр ма?", "Махаббаттарың баянды болсын", "Өмірдің соңына дейін осылай қол ұстасып бірге жүріңдер", - деп жазды желідегілер.