Прямая трансляция

Астана

Астана

-8.03°C

«Дер кезінде пайда болдың»: Меруерт Түсіпбаева сүйіктісіне алғыс айтты

Меруерт Түсіпбаева көктемнің алғашқы күнін жақындары мен сүйіктісіне алғыс айтудан бастады. Ол жүрегінің жартысын ұзақ күткенін, ол келгенге дейін өмірі "қызықсыз" болғанын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

«Дер кезінде пайда болдың»: Меруерт Түсіпбаева сүйіктісіне алғыс айтты
Сурет: ашық дереккөз

"Көктемнің алғашқы күні, құтты болсын! Бүгін - алғыс күні. Ең бірінші, шексіз алғысым - анама. Жер бетіне қайта келу бақыты бұйырса, ойланбастан, өзімді осы өмірге әкелген Рымкеш Төлегенқызын таңдар едім. Одан кейін бір тал Құдай берген балама алғыс айтамын. Өйткені балам, шын мәнінде жақсы адам, шүкір. Аман болшы, алтын балығым, Нұрғиса. Көз тимесін. 

Үшінші кезекте менің жүрегімнің ішіндегі жүрегіме, Күнім, рахмет. Дер кезінде пайда болып, сүреңсіз сұр өмірімді ең ашық, ең әдемі бояуларға бояғаның үшін.. 

Мен сені сондай ұзақ күттім. Саған барлығы үшін ризамын!" - деп жазба қалдырды әнші желідегі парақшасында.