Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

«Баламды анам алып кетті»: Артур Дәулетияров әке атанды

"RaiM & Artur" дуэті арқылы қалың көпшілікке танылған әнші Артур Дәулетияров алғаш рет әке атанды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

«Баламды анам алып кетті»: Артур Дәулетияров әке атанды
Сурет: instagram.com/artur_davletyarov

Өнер иесінің жары оған қыз бала сыйлаған. Қуанышы қойнына сыймаған жұлдызды әке бұл жаңалығымен Instagram парақшасында жанкүйерлерімен бөліскен. Артур Дәулетияров қызымен түскен алғашқы суретін де жариялады.

"23 ақпанға жасалған ең үздік сыйлық. Сүйіктім, қызымыз үшін рахмет", - деп жазды ол.

Желі қолданушылары өнер иесін жарыса құттықтап, отбасына ақ тілектерін жаудырды. "Бауы берік болсын", "Үлкен азаматша болсын", "Еліне сыйлы ару болсын", "Қызды болу нағыз бақыт", "Қуаныштарыңыз еселене берсін", "Бауы берік болсын. Сіздердің мақтаныштарыңыз болсын", "Артур сенен жақсы әке шығады", "Әке болған қатты жарасады екен", - деп жазуда оқырмандар. 

"Құттықтауларыңызға рахмет. Бірақ, баламды анам алып кетті. Тарай берейік", - деп әзілдеп жауап берді әнші.