Жақында ғана аяғы ауыр екенін қалың жұртшылыққа жария еткен Мақпал Исабекова өзіне жүктілікке қатысты орынсыз кеңес беретін оқырмандарға шүйлікті, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Мақпала Исабекова өзіне түрлі ақыл-кеңестерін жаудырған қыз-келіншектерге Instagram парақшасында ескерту жасады.
Қыздар, қымбатты менің оқырмандарым, сіздерден өтініп сұраймын, аяғы ауыр әйелдің күйін ескеріңіздерші. Сұралмаған кеңестерді жазбаңыздар, бір әрекетті істесем не болатынын, істемесем не болатынын айтпаңыздаршы. Олай жасаудың керегі жоқ, өтінемін. "Ішіңді сипалама, бала кіндікке оралып қалады" деген сынды хат жазған қыздардың бәрін бұғаттаймын. Олай жасамаңыздар, жарай ма? Қатты өтініп сұраймын. Мен онсыз да секемшіл адаммын, ал қазіргі жағдайда тіптен күмәнданып тұрамын", - деді Исабекова.