Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Айсауле Бақытбек жүкті болған кезде туыстарынан қысым көргенін айтты

Отандық танымал блогер Айсәуле Бақытбек сәбиінің жынысын алғаш білген кезде аса қуанбағанын мойындады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Айсауле Бақытбек жүкті болған кезде туыстарынан қысым көргенін айтты
Сурет: Nur.kz

Желі жұлдызының айтуынша, күйеуі отбасында жалғыз ұл болғандықтан, оған айналасындағы адамдар қысым жасайтындай көрінген. Алайда, кейіннен жас ана бұл ойынан айныған. 

Айсәуле Бақытбек қызды болатынын білгенде бастапқыда қандай сезімде болғанын Instagram парақшасында айтып берді.

"Гендер-патиде қызымыз болатынын білген сәтте не сезгенімді нақты білмеймін. Қысым сезінгендей күй кештім. Күйеуім – отбасында жалғыз бала, жалғыз немере. Қазақстанда мұның нені білдіретінін өзіңіз де түсініп тұрған шығарсыз. Егер де ұл бала болса, айналадағылардың бәрі қаттырақ қуанатындай көрінді. Бірақ, кейін мұның бәрі қате ой екенін ұқтым. Жүктілік бойы қызымды күтумен қуанып жүрдім. Ал қазір қолымда қызымды ұстап тұрып, өмірде менен бақытты жан жоқ екенін түсінемін. Қыз деген сондай ләззат сыйлайды. Мен оны сондай жақсы көремін. Тіпті Әлішерге: "Егер ұл бала болса, оны осыншалықты жақсы көрмес пе едім" дедім", - деп жазды жас ана.