Прямая трансляция

Астана

Астана

-17.03°C

Жазира Байырбекова анасына әсерлі құрметімен желіде бөлісті

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Жазира Байырбекова желіде аналар туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Жазира Байырбекова анасына әсерлі құрметімен желіде бөлісті
Сурет: nstagram.com/zhazira_bairbekova

Өнер иесі ананың ақ батасын алу үшін байлықтың қажеті шамалы екенін жеткізді. Жазира Байырбекова Instagram парақшасында анасымен түскен видеосын жариялап, өз ой-толғауымен бөлісті.

"Анамды шетелге, әдемі орындарға апарып, бағалы сыйлықтар әперіп жүріп анық түсіндім. Ананың батасын алу үшін бай болу, ақшалы болу маңызды емес. Кей аналарға мейірімділік пен уақыт бөлгеніңнен басқа ештеңе керек емес екен", - деп жазды әртіс.

Өнер иесінің сөздеріне қосылған көпшілік оған өз қолдауын білдірді. "Дұрыс айтасыз. Сізбен толығымен келісемін", "Ешкімнің махаббатын ақшаға сатып ала алмайсың", "Қандай керемет көрініс. Бақытты болыңыздар. Анаңыз қасыңызда ұзақ болсын", "Жаным Жазира сені осындай нәзіктігің үшін, мейірбандылығың үшін өте-өте жақсы көремін. Кей аналар емес, бар аналар сондай", "Анаңыз аман болсын. Жүз жасасын", - деп жазуда оқырмандар.