Қазақстандық әнші Жетісай өңірінде 30 мың адамға көкпар өткізді

Ұлдарын сүндетке отырғызған Әбдіжаппар Әлқожа Жетісай өңірінде 30 мың адамға көкпар беріп, дүркіретіп той жасады, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме 

Қазақстандық әнші Жетісай өңірінде 30 мың адамға көкпар өткізді
Сурет: Видеодан стоп кадр

Өнер иесінің қуанышында бірқатар қазақстандық жұлдыз бой көрсетті. Әбдіжаппар Әлқожа көкпарды қос ұлы Ахмад-Әли және Расулды сүндетке отырғызуына байланысты өткізген.

Тартысты спорттық доданың соңы ұлан-ғасыр тоймен аяқталған. Эстрада жұлдызы отбасылық қуанышын дүркіретіп атап өту үшін арнайы ерекше датаны (22.02.2022) таңдаған. Әлеуметтік желіде Әбдіжаппардың әріптестері дүбірлі тойда түскен суреттері мен алған әсерн бөлісуде.

"Тарихта қалатын көкпар, ел есінде жүретін той боп жатыр! Дүбірлі думанға біз бен сіз куә болдық. Әбдіжаппар бауырым қазақ пейілінің кеңдігін көрсетті. Мұндай тойды көрген де арманда, көрмеген де арманда! Әбдіжаппар бауырым, қуаныш себепшілері болған перзентіңмен 1000 жаса!" - деп бөлісті тележүргізуші Нұрсұлтан Есжан. 

Әлқожаның тойына "Музарт" тобынан бастап, Нұрболат Абдуллин, Еркін Нұржанов, Ғазизхан Шекербеков сынды көптеген елімізге белгілі жұлдыздар қатысты.