Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

Дана Есеева Мейіржанмен түскен архивтегі суреттерімен бөлісті

Блогер Дана Есеева Мейіржан Төребаевпен таныстығы туралы айтып берді. Айтуынша, жолдасы романтикалық жігіт емес, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Дана Есеева Мейіржанмен түскен архивтегі суреттерімен бөлісті
Сурет: Stan.kz

Желідегі жазылушылар Instagram желісінде Данадан Мейіржанмен танысу тарихын айтып беруін өтінді.

"Мен клубтан кетіп бара жатыр едім, ол менің қолымды басып қалды", - деп жауап берді Есеева.

Бұл қандай жағдайда болуы мүмкін екенін және оған қалай әрекет еткенін түсіндірмеді.

Бірақ бес баланың анасы 2009 жылы түсірілген үйлену тойындағы суреттерін көрсетті.Төребаевтың бұл кезде арық, аңғал жігіт екені байқалады. Ал Дананың өзі ұзын шашты, аққұба қыз. 

"Өте бақытты жүздер", - деп блогер мысқылдап қойды.

"Уақыт өте келе ерлі-зайыптылардыңтүрі ұқсас болады дейді. Ал Мержик екеуміз ұқсаймыз ба?" — деп сұрады ол.

"Сізді бір-біріңізсіз елестету қиын", "Сендер де ұқсайсыңдар", "Балаларың екеуіңе де ұқсайды екен" деп жазды жанкүйерлері.