Прямая трансляция

Астана

Астана

-16.03°C

«Үйлендіру ғана қалды»: Карина Оксукпаева ұлын сүндетке отырғызды

Жастар арасында танымал блогер Карина Оксукпаева үлкен ұлын сүндетке отырғызды, деп хабарлайды Paryz.kz

«Үйлендіру ғана қалды»: Карина Оксукпаева ұлын сүндетке отырғызды
Сурет: instagram.com/oksukpaevak

Әлім енді ер азамат болды. Сүндетке отырғыздық. Енді үйлендіру ғана қалды, - деп, жазды Карина өзінің Instagram парақшасында.

 
Сүндетке отырғызу рәсімі Арман Юсупов пен Карина Оксукпаеваның үйінде өтті. Жауапты іс Қайрат есімді тәжірибелі хирург маманға тапсырылды. 


«Біз анам екеуіміз нәзік жандар болғасын пәтерден шығып кетіп барамыз, Әлімге ойыншықтар алып қоямыз. Баламның қасында әкесі мен Қайрат аға қалды», - деді Карина өзінің стористерінде. 


Әлімнің атасы астында күтіп отырған.Бәрі аяқталғаннан кейін, отбасы түгел жиналып балаға сыйлықтарын беріп, құттықтады. 

Әлімнің жасы 5-те. Арман мен Каринада екінші ұлдары бар, ол 2-де.

Ер баланы сүндетке отырғызу  Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)  сүннеті.  Бұл жөнінде хадисте: Алла Елшісі Хасан мен Хусейн туылғаннан кейін жетінші күні оларды сүндетке отырғызды», - деген.