Қытайдағы әуежайлардың бірінде бір топ фанаттар Димаш Құдайбергенге тосын-сый ұйымдастырды. Олар әншімен кездесу кезінде Димаштың “Ұмытылмас күн” әнін қазақ тілінде орындады, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап.
Болған оқиғаның үзіндісін Димаш желідегі парақшасында жариялады.
"Жастар менің әнімнің соңғы жолын қазақ тілінде айтқан кезде қатты таңғалдым", - деді Құдайберген.
Әлемнің түкпір-түкпіріндегі тыңдармандар Димаштың бар жақсылыққа лайық екенін айтып, жылы тілектерін жаудырды.
"Сен әлемдегі үздік әншісің", "Ең әдемі адам", "Аргентинадан сәлем", "Сенің арқаңда барлығымыз қазақша ән айта аламыз", - деп жазды желі қолданушылары.