Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Жәния Джуринская қандай жағдайда енемен бірге тұруға болатынын айтты

Жәния Джуринская келіннің ата-енемен бірге тұруына қатысты пікір білдірді. Актрисаның айтуынша, мұндай жағдайда отбасында ер мен әйелдің рөлі толыққанды болмайды. Көп жағдайда, түсінбестіктен жастар ажырасып тынады. Жәния лажы болса, бөлек тұрған дұрыс екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Paryz.kz, Stan.kz-ке сілтеме жасап. 

Жәния Джуринская қандай жағдайда енемен бірге тұруға болатынын айтты
Сурет: Stan.kz

Айтуынша, ата-анасынан бөлек шықпаса, ер адам сол күйі есеймей, өз әлеуетін аша алмай қалуы мүмкін. 

"Отбасындағы адамдардың рөлі ауысып кетеді. Бейсаналы түрде анасы әйелді рөлін, қалыңдық қыздың, ұл күйеудің рөлін ойнап, ақыры ажырасумен аяқталады. Немесе анасы жанында болғандықтан, ұл бала болып қала береді. Сол күйі отағасы, үйдің егесі болмайды. Әрине, олар мұны ешқашан байқамайды. Бірақ әрекеттерін бақылайтын болсаңыз, барлығы айдан анық көрініп тұрады", - дейді Джуринская. 

Жәния қандай жағдайда ата-енемен бірге тұруға болатынын ашып айтты. 

"Ол үшін барлығы үлкен үйде тұрып, әркімнің жеке шекарасы сақталуы керек. Бірақ біз білетіндей, отбасында жеке шекара деген түсінік жоқ. 

Бірақ кей әйелдер күйеуінің ата-анасымен бірге тұра алады. Өйткені о баста жеке шекарасын белгілеп алған. Күресіп, көз жас, қулық, қайғы-мұң, кету арқылы болса да, өз дегендеріне жетеді. Сөйтіп қалыпты өмір сүреді", - дейді Жәния.