Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Төреғали Төреәлі тыныштық табамын деп, қажылыққа аттанды

Төреғали Төреәлі жұбайы және нағашы атасын ертіп, қажылыққа аттанды, деп хабарлайды Paryz.kz.

Төреғали Төреәлі тыныштық табамын деп, қажылыққа аттанды
Сурет: Nur.kz

Әнші әлеуметтік желідегі парақшасында киелі сапардың көріністерімен бөлісті. Сондай-ақ, Төреғалидің жары Толқын қасиетті Қағбаны көргенде көз жасына ерік бергенін жасырмады. 

"Қаңтардағы қақтығыстан кейін, алаңдаған жүрек тыныштық таба алмаған еді.

Дәл сол уақытта бала-шағамен төркіндетіп, ата-анама барған едім..
Отағасы шетелде іс-сапармен жүрген. Қақтығыстар бастау алғаннан бастап, аманаттарыммен үйімізге аман жетуді тіледім!

Тіпті амандығымызды жеткізетін байланыстан үзілген күндер, Алланың беріп қойған әрбір нығметін түсіндіріп қоя берді. 

Мейірімі шексіз Аллахым, бір өзіңе жалбарынып ,бір өзіңнен жәрдем тілеуге келдік.

Елімізді, жерімізді барлық бәледен сақтап, бірлігімізді, берекемізді еселей бер!" - деп бөлісті ол.