Прямая трансляция

Астана

Астана

-5.03°C

Мақпал Исабекованың жолдасы әке болатынын қалай білді?

Жуырда аяғы ауыр екенін елге мәлім еткен отандық әнші Мақпал Исабекова оқырмандарының сұрақтарына жауап беріп, өзінің жүктілігі туралы тың деректерді бөлісті,  деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Мақпал Исабекованың жолдасы әке болатынын қалай білді?
Сурет: 365info.kz

Әнші қазіргі жағдайы туралы айтты. Исабекованың айтуынша, оның жүктілігі бүгінгі таңда бірқалыпты өтуде. Денсаулығы жақсы. Десе де, жүкті келіншектерге тән ерекшеліктер оның басынан да өтіп жатқан көрінеді. Исабекова желідегі оқырмандарына берген жауабында осылай мәлімдеген. Бұдан бөлек, ол гендер-пати ұйымдастыру туралы ойын бөлісті. Айтуынша, жолдасы екеуі болашақ перзентінің жынысын әу-бастан біліп алған. Сондықтан, мұндай шараларды олар құптамайтынын жеткізді. Сондай-ақ, әнші алғаш рет жүкті екенін білгенде қатты қуанғаннан жылай бергенін де мойындады.

"Жылап, Жаратқанға алғысымды айта бердім. Жылай бердім. Қайта-қайта тестке қарап (ред. - жүктілікті анықтайтын), онда тағы бірдеңе жазылғандай-ақ, үңіле бердім", - деп өз әсерін жеткізді әнші.

Мақпалдың айтуынша, жолдасы да бұл жайтқа қатты қуанып, бірден алдағы жоспарларын қайта қарапты. Әнші бұл сәтті былай сипаттап берді: "Тестті жастықтың астына жасырып, жұмыстан келген кезде: "Анда бірдеңе жатыр, қара", - дедім. Оның қандай сезімде болғанын түсірмедім. Бірақ ол көзіне жас алып, жылады деп айта алмаймын. Ол бұның бәрін қалыпты жағдай ретінде қабылдады. Бірден жоспар құрып, маған дұрыс тамақтанудың да жоспарын жасай бастады. Осындай кісі. Әрине, қатты қуанды", - деп жазды ол.