Прямая трансляция

Астана

Астана

-10.03°C

Арман Дүйсенов пен Мақпал Жүнісова сахнада күлкіге қалды

Композитор Арман Дүйсенов сахнада болған қызық сәтпен бөлісті. Ол Маұпал Жүнісоваға жетемін деп елдің алдында құлап қалған видеосын жариялады, деп хабарлайды Paryz.kz

Арман Дүйсенов пен Мақпал Жүнісова сахнада күлкіге қалды
Сурет: massaget.kz

Бейнежазбада Халық әртісі Мақпал Жүнісова композитордың залда отырғанын көріп, сахнаға шақырғанын айтады. 

"Арман залда отырған соң, әдейі шақырып жатырмын. Дайындықсыз қалай ойнайтынын көрейін деп едім. Өзім де дайындықсыз. Ұшақтан түсе салысымен осында келдім", - деп түсіндірді Жүнісова. 

Осы аралықта әншіге келмек болған композитор сахнада тайып құлап түседі.

"Мені көрген жігіттердің бәрі осылай құлап түседі. Содан кейін де жігіттер онша жақындай қоймайды. Өйткені арты не болатынын біледі", - деп елді ду күлдірді Халық әртісі. 

"Тайғанап саxнада мұзға айналған,
Мәз болды көрермен жұрт бізді айналған.
Жігіттің құламауы мүмкін емес,
Мақпалды көрген кезде қыздай болған... " - деп видеомен өзінің парақшасында Арман Дүйсенов бөлісті.