AZ мен Айқын елге жаңа әнін ұсынып, жұртты таңғалдырды, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.
Ninety One тобының бұрынғы әншісі AZ Айқынмен бірге елге жаңа ән ұсынды. "Өтіп кетті" деп аталатын лирикалық тректің сөзін Азамат Зенкаевтың өзі жазған.
Отандық шоу-бизнестегі шығармашылығы бір-біріне ұқсамайтын екі жұлдыздың бірлескен туындысы олардың фанаттарын таңғалдырды.
"Өтіп кетті" деп аталатын ән қосылмаған ғашықтар жайында. Желі қолданушылары әншілердің трегіне қатысты түрлі пікірлерін білдіруде. Пікірлерге назар аударсақ, музыкасүйер қауым қос жұлдыздың әніне жақсы баға беруде.