14.02.2022, 17:23

«Альхамдулиллах» - Мақпал Исабекова жүкті екенін айтты

Сурет: ашық дереккөз

Мақпал Исабекова жүкті екенін көпшілікке айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, жұлдыздың әлеуметтік желідегі жеке парақшасына сілтеме жасап.

Былтыр осы күні сүйіктімнен ұсыныс алған едім, міне арага бір жыл салып, Алланың қалауымен бүгін, ғашықтар күнінде, осындай қуанышымызбен бөліскіміз келді. Альхамдулиллах, - деп жазды Мақпал. 

«Маш Алла. Жуктiлiгiңiз жеңiл өтсiн. Сiздер үшiн өте қуаныштымын» , «Жұғысты болсыншы барлық тілеп жүрген жандарға», «Алла тіл көзден сақтасын. Бастысы аман есен дүниеге алып келіңіз!», - деп, әншінің оқырмандары құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр. 

Естеріңізге сала кетейік, әртіс өткен жылы көктемде тұрмысқа шыққан болатын. Бірақ сүйгенінің кім екенін айтпады, тіпті, оның бет-әлпетін де көрсетпеді. Мақпал өз сүйіктісі танымал тұлға емес екенін және әлеуметтік желіде көзге түскенді қаламайтынын жазды.