Прямая трансляция

Астана

Астана

-7.03°C

Гүлназ Жоланова қаржы пирамидасына іліккендерді сынады

Қазақ актрисасы Гүлназ Жоланова қаржы пирамидасын құрды деп күдікке ілінген блогерлер дауына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Гүлназ Жоланова қаржы пирамидасына іліккендерді сынады
Сурет: Nur.kz

Актрисаның айтуынша, әдетте пирамиданың құрығына саналы адамдар ілікпейді.

Бұл туралы өнер иесі өзінің желідегі парақшасында жазды. Желідегі сұрақ-жауап кезінде оқырмандарының бірі оған аталған мәселеге қатысты ойын ашық жазуды сұраған.

Дәл осы тақырыпты бүгін досыммен бірге талқылап едік. Адамдар осындай нәрселерге әлі күнге дейін қалай сенеді? Түсінбеймін. Тәжірибеге сүйенсек, пирамида - бұл адамдарды алдау. Оның жауапкершілігі оларды құрғандардың емес (себебі олар ол кезде елде болмауы мүмкін), насихаттағандардың мойнында болады. Адамдардың блогерлерді, әртістерді, олардың отбасын қарғап отырғандарын да көргем. Сондықтан, саналы адам бұған қатыспайды, - деп жазды ол. 

Еске салсақ, полиция отандық блогерлер Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаевты "Mudarabah Capital" компаниясының құрылтайшысы екенін айтқан. Ал Мейіржан Төребаев артынша бұл дауға қатысты өз ойын білдіріп, өзі де аталған қаржы пирамидасына алданып қалғандардың бірі екенін жеткізген.