Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Мейіржан өзі жарнамалаған "қаржы пирамидасына" ақша салды ма?

Отандық танымал блогер Мейіржан Төребаев өзіне қатысты даулы оқиға жайында пікір білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

Мейіржан өзі жарнамалаған "қаржы пирамидасына" ақша салды ма?
Сурет:Tengrinews.kz

Желі жұлдызы қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінген болатын. Одан бөлек, блогерлер Мейірхан Шерниязов пен Азизжан Саидбаевтың да басы дауға қалған еді.

Мейіржан Төребаев Экспресс К тілшісімен сұхбаттасып, қаржы пирамидасына қатысты мән-жайды айтып берді. Блогер өзі де алданып қалған адамдар қатарынан екенін алға тартты.

Оның бәрін аспаннан алған сияқты. Мен негізі алданып қалған адамдардың бірімін. Ол компанияға 10 миллион теңге салдым. Алайда ол ақпарат жайлы неге жазбайды? Мен алданып қалдым, ақшамды қайтармады деп арыз жаздым. Қазір полицияда реформа жүріп жатыр. Ауыс-түйіс болып жатыр. Мен әлі кепіл ақша төлеген жоқпын. Жақында адвокатыммен барып, шешуге тырысамын, — дейді блогер.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Мейіржан Төребаев бостандықта. Ол отбасымен бірге Шымбұлақта демалып жүргенін айтты. Еске сала кетейік, бұған дейін Мейіржан Төребаев бастаған отандық блогерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз.