Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Бірден үш блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Танымал вайнерлер қаржы пирамидасын құрды деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Paryz.kz

Бірден үш блогерге қатысты қылмыстық іс қозғалды
Сурет үйлестірілген Paryz.kz

Алматы қалалық соты Мейіржан Төребаев, Мейірхан Шерниязов және Азизжан Саидбаевқа қатысты ҚР Қылмыстық кодксінің 217-бабы (қаржы пирамидасын құру және оны басқару) бойынша қылмыстық іс қозғалғанын растады.

Тергеу соты М.Төребаев пен М. Шерниязовты үш миллион теңге кепілмен босатып, ал Саидбаевқа қатысты «сырттай қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялау туралы өтінішхатты» қанағаттандырды, -деп хабалады соттан.

Мейіржан жыл бойы өзінің әлеуметтік желілердегі блогында Mudarabah Capital-ты белсенді түрде жарнамалады, оны өзінің инвестициялық компаниясы ретінде көрсетті. Жүзден астам қазақстандықтар бұл жарнамаға сеніп, ақшасын компанияға салған: біреу көлігін сатып, қарызға кірген, біреуі соңғы жинаған ақшасынан айырылған. Компания қаржылық пирамида деп танылып, ұйымдастырушылары ұсталды.