Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

Ләйлә Сұлтанқызы «өлгенді ұмытып, тойға ақша сұрағандарға» жауап берді

Қазақстандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы отандастарына үндеу жасап, оларға деген наразылығын білдірді, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.  

Ләйлә Сұлтанқызы «өлгенді ұмытып, тойға ақша сұрағандарға» жауап берді
Сурет: Ukysmedia.kz

 Ақпарат өкілі "Қазақстан халқына" қорынан той жасап, көлік алу үшін ақша сұрағандарға шүйлікті, деп жазады

 әйлә Сұлтанқызы азулы жазбасын Instagram парақшасында жариялаған. Ол мемлекеттік қордан осындай жайттарға байланысты ақша сұрайтындар табылғанына қатты таңғалған.

Өлгенді ұмытып, енді тойға ақша сұрау. "Қазақстан халқына" қорынан көмек сұрап барғандардың ішінде той жасап алайын, көлік мініп алайын дегендер де бар екен. Өзіміз де қызықпыз ғой, "шенеунік ұры болса, біз қарап тұрамыз ба" деп алдында да бір кісілер жазып жүрген. Осы Instagram-да ұрлықты қолдайтындар да көп табылған. Мұны ақылға жеңдірсек, адам бойындағы ашкөздік, тойымсыздық, масыл болу сияқты қасиеттер дұрыс емес!  Бірақ қоғам болған соң, бәрі болады емес пе, түсінем. Енді сол қорға той жасау үшін ақша сұраған адамды айтамын ғой, қордың мүшелері аузы ашылып қалған шығар, иә? Сосын бізде "қолда барда басып қал" деген тәмсіл бар, ойдан шығарылған, түк те құндылығы жоқ, "жеп қал", "асап қал" деген ұран. Бұл бір өз бетіңше пайдаға кенеле алатыныңа сенбеуден шығады ғой. Мұны әділетсіздік, кейде тек жамандықты көру сияқты адам бойындағы қасиеттерден шығады десек болатын шығар. Бірақ 225 адам қазасынан кейін болып жатқан шара емес пе еді осының бәрі? Өлгенді ұмытып, енді тойға ақша сұрауға не дейсіздер, - деп жазды ол.