Прямая трансляция

Астана

Астана

-14.03°C

"Күштілеп бағамыз": Мадина Сәдуақасова бала асырап алмақшы ма?

Сәдуақасова інісінің баласын асырап алғысы келетінін айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап. 

"Күштілеп бағамыз": Мадина Сәдуақасова бала асырап алмақшы ма?
Сурет: Tengrinews.kz

Отандық танымал әнші Мадина Сәдуақасова тағы да сәбилі болуға ниетті екенін көптен бері айтып келе жатыр. Өнер иесі жалғыз ұлына бауыр тауып беру үшін бала асырап алуға да қарсы емес болып шықты. Ол тіпті туған інісіне жаңадан туған перзентін өздеріне беруін сұраған. Мадина Сәдуақасова інісінің баласын асырап алғысы келетінін Instagram парақшасында айтты. Алайда, әншінің бауыры мұндай ұсыныстан бірден бас тартқан.

Бізге беріңіз, күштілеп бағып береміз, жақсының бәрі болады балада" деп мен бастадым, Олжас та "жер үйден гөрі пәтер жақсы, жылы, шомылдыратын судың өзі минералды, бізде жақсы болады бөпеде" деді. Әнуар да "үйдегі үшеу сияқты мен шұқымаймын баланы, түртпеймін, ауладағы площадкаға өзім қыдыртамын" деп жалынды.  Қысқасы, бермеді бізге баланы. Не дейміз, жарайды. Бауы берік болсын! Кіші інім үшінші рет әке атанды, Садуақасов Тимур деген батыр дүниеге келді! Құтты болсын, жұғысты болсын, - деп сүйінші сұрады ол көпшіліктен. Желі қолданушылары эстрада жұлдызының тағы да сәбилі болуын тіледі.