Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қазақстандықтар «жұлдыздарға» сеніп, миллиондаған ақша жоғалтқан

Енді қаржы пирамидасын жарнамалайтындарға да қатысты қылмыстық іс қозғалуы мүмкін. Ішкі істер органдары Бас прокуратураға осындай ұсыныс жасады, деп хабарлайды Paryz.kz, Turkystan.kz-ке сілтеме жасап. 

Қазақстандықтар «жұлдыздарға» сеніп, миллиондаған ақша жоғалтқан
Сурет: Turkystan.kz

Ведомство мәліметінше, былтырдың өзінде 30 мың адам қаржы пирамидаларынан зардап шеккен. Шығын сомасы – 54 миллиард теңге.

Сондай-ақ мұндай пирамидаларды жарнамалауға қазақстандық танымал блогерлер, актерлер, әншілер мен спортшылар жиі тартылады. Полицияда зардап шегушілер беделді адамдарға сеніп, миллиондаған ақша жоғалтқанын айтады.

Бірақ қазір мұндай жарнама үшін жұлдыздарға жауапкершілік қарастырылмаған.

126 алаяқ жауапқа тартылды. 38-і сотталды, қалғаны бойынша процесс жалғасуда. Олардың арасында Garant 24 Lombard ұйымдастырушылары (17 мың зардап шегуші). L-Capital пирамидасының екі жетекшісі де сотты күтіп отыр. Олар 300 адамды 260 миллион теңгеге алдап соққан. Evolution corp. болса, 3 миллиард теңге жинап алған. Жәбірленушілердің жолы болып, бұл қаржы пирамидасының барлық мүлкі тәркіленді. Көбінесе ақшасы бар алаяқтарды табу қиын, әдетте қаражат шет елге кетіп қалады, – деп хабарлады телеарна.

ІІМ Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділовтің айтуынша, қабылданған шаралардың арқасында жылжымалы және жылжымайтын мүлік, оның ішінде 60 көлік, 4 пәтер, 5 жер телімі, 31 жеке тұрғын үй тәркіленді.