Айқын Америкадағы қазақ жастарының басын қоспақ

Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали балаларымен бірге АҚШ-қа аттанды. Отбасы Америкада бір жағынан демалып, бір жағынан Айқын концерт қойып келмек, деп хабарлайды Paryz.kzStan.kz-ке сілтеме жасап.

Айқын Америкадағы қазақ жастарының басын қоспақ
Сурет: bmusic.kz

Айқын Америкадағы қазақ жастарының басын қосып, Kazakh Party ұйымдастырмақ. Кеш 9 ақпан күні Маямиде, 13 ақпан - Лос-Анджелесте, 15 ақпан - Нью-Йоркте өтеді деп жоспарлануда. Сондай-ақ, биыл мерейлі жасқа келетін Төлепберген туған күнін осында өткізбекші. 

Негізі АҚШ-қа демалысқа бара жатырмыз. Бірақ, біз демалыс пен жұмысты қатар ұстайтын жандардың біріміз! Оның үстіне 10 ақпанда юбилейім бар, - деп бөлісті Айқын. 

Айта кетейік , төрт баланың әкесі Айқын Төлепберген биыл 40 жасқа толады.