Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Қайрат Әділгерей «Дикий Арман» туралы: «Патриоттық сезімі мықты»

Отандық танымал актер әрі әзілкеш Қайрат Әділгерей қылмыс әлемінің серкесі "Дикий Арман" туралы өз ойын айтты, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Қайрат Әділгерей «Дикий Арман» туралы: «Патриоттық сезімі мықты»
Сурет: Nur.kz

Өнер иесі Түркияда Арман Жұмагелдиевтің туған күнін басқарған. Алайда, ол бұл ұсынысты бірден қабылдамаған. Бастапқыда әртіс қорыққанын жасырмады.

Ол Арманды өз елінің патриоты ретінде сипаттады. Оған қоса, әзілкеш тәртіпсіздіктер кезінде өзіне келіп түскен сыни пікірлер туралы да айтты.

"Туған күнін жүргіздім. Қасындағы "Нойс" дейді, Нұржан. Революция кезінде Арманды ұстап алған кезде: "Арманның алдында маймылданып жүр едің ғой, қайда енді қолдау көрсетпейсің ба?" деп жерден алып, жерге салды ғой. Мені Арманның жан досы құсатып, күнде араласып жүріп, лақтырып кеткен адам сияқты қылды. 7 қаңтар күні іс-шара болды, 8-і күні Арман теплоход жалдап, Қазақстаннан келген бүкіл әртістерді қыдыртып, тамақтандырып, өлең тыңдап, 9-ы күні ұшып кеттік. Екі күндік кездесуде маған айтпағанды айтты. Ол кезде Айнұр Тұрсынбаева арқылы шықты. "Жолдасымның туған күні болайын деп жатыр" деді. "Айнұр апа, құрысын мен қорқамын, жақындамай-ақ қояйыншы" дедім. Айнұр апа өз кезегінде бөтен ешкім болмайтынын айтты. Қазақстаннан 40-50 адам ғана болатынын жеткізді. Басында қорқынышты болды. Енді елдің алдында жүрген адам. Жүрген саласы да ауыр сала ғой. Білмейсің ғой, қауіп-қатер аяқ астынан болып қалуы мүмкін дегендей. Бірақ, өз көзіммен көрдім. "Қазаққа жанашыр, қазаққа болсыншы" деп қалған адам екен. Патриоттық сезімі енді мықты. Наркенже деген дәстүрлі әнші бар. Соны өзге ұлт достарына сүйреп апарып, "мынау біздің ұлттық киім" деп көрсетіп жатты", - деді Қайрат Әділгерей.