Прямая трансляция

Астана

Астана

-6.03°C

Алтынай Жорбаева енесі туралы ойын айтты

Алтынай Жорабаева отбасылық суретімен бөлісіп, елді тәнті етті, деп хабарлайды Paryz.kz, Nur.kz-ке сілтеме жасап.

Алтынай Жорбаева енесі туралы ойын айтты
Сурет: Instagram/altynaizhorabayeva

Онда эстрада жұлдызының жолдасымен, енесімен және екі қызымен бірге кешкі аста отырғанын көруге болады. Сонымен қатар, өнер иесі өзге екі қызы неге отбасылық бас өқосуда жоқ екенін түсіндірді.

Отбасылық кешкі ас. Анамыз ортамызда. Жаным сол, ең керемет ене. Негізі мамам төрде отыр . Фотоны басқа жағынан түсірді. Аяулым Шымкентте. Айнара туған күнде, - деп жазды әнші.

Желі қолданушылары жұлдызды жанұяға тәнті болып, оларға жылы лебіздерін білдірген.

"Бағың баянды болсын. Жолдасыңның жүзі жылы, жақсы азамат екені көрініп тұр. Сыйластықтарың мәңгі болсын. Аллам тіл көзден сақтасын", "Жарасымды отбасы, Аллам тіл көзден сақтасын", "Ас дәмді болсын керемет бір үйдің ұйытқысы болып жүре беріңіз Алтынай ханым", "Енесі мен келінінің арақатынасы қандай керемет. Бәрі осындай болсын", - деп жазуда халық.