Қазақстандық әзілкеш Данияр Жұмаділов Instagram-дағы парақшасында ресейлік әріптестерімен видео жариялады. Онда Данияр танымал актер, тележүргізуші Гарик Харламовқа қазақ тілін үйретуде, деп жазады Paryz.kz., Даниярдың парақшасына сілтеме жасап.
"Рақмет сізге" дедім. Бұл "Спасибо вам" дегенді білдіреді. "Рақмет" - спасибо, "сізге" - вам", - деді Данияр.
"Болды, рақмет сізге. Біліп жүремін, рақмет. Менің ұстазым", - деп алғысын білдірді Харламов.
Көп ұзамай әзілкештің қызы да қазақ тіліндегі тіркесті қайталады. Олардың әңгімесіне араласқан стэндапер Илья Соболев:
"Ол рақмет дегенді білдіре ме? Әр стэндаптан кейін Нұрлан (авт. Сабуров) не айтады десем... Өнер көрсетіп болған соң, біреуді шақырып жүр деп ойладым. Біз ақылдырақ болып жатырмыз, күшті", - деді әзілкеш.